Арман.Мақсат.Жоспар Құрметті Бизнес бастаулықтар! Баршаңызға сәттілік тілеймін! Дәл қазіргі уақытта Аллаға шүкір ұл-қыздарым жетіліп оларға қалай дұрыс жағыдай жасап беремін деген ой мазалап тығырыққа тірелгендей боп жүрген едім.Ахметбек ағаның хабарламасын,видеороликтерін көріп ойланбастан сол күні билет алып жолға шықтым.Ол билет алдағы жарқын күндеріме алған билеттей әсер беріп Алматыға Ахметбек ағаға жетуге асығып тұрдым. Екі күндік тренингтен соң 2 айлық курсты оқу керек екеніне нақты көзім жетіп өзім секілді арманы биік жандармен дәріс алуды бастап кеттім. Арманым: отбасымның алдында еңсемді тік ұстап,жағыдайларын жасап,бауырларыма көмектесіп,жақсы үй тұрғызып,мұқтаж жандарға қол ұшын беру. Алла қалап кәсібім дөңгелеп жатса,өзім туған елдегі шешімін таппай жүрген жол мәселесін шешуге атсалысып,мешіт қажеттіліктеріне демеушілік жасап,ауыл халқына спорт комплекс салып берсем деген армандарым бар! Мақсатым: Ұстазымыз Ахметбек ағаның айтқанын бірге-бір орындап,нақты кәсіп таңдап жолға қою.Қазірден бастап сауда түрімен айналысып табыс табу.Әр облыстан серіктестер тауып мықты байланыс орнату.Тек ақша табу емес халықтың сұранысына сай сапалы қызмет көрсету! Қызмет көрсету,өндіріс саласын жолға қою туралы барынша тереңірек білім алу. Аффермациялар тыңдап тек қана алға басуды үйрену! Жоспар: Қазіргі уақытта айлық табысым 70000тг. Сауда бойынша : Е-0 Ж-200 000 Т: 500 000

Теги других блогов: бизнес арман мақсат